Ташкентке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр. Кездесу Өзбекстан президентінің резиденциясы – “Көксарaйда” өтіп жатыр. Бұл туралы “Қазақпарат” агенттігі хабарлады.
“Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер кезінде екі елдің президенттері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ” деп жазады басылым.
Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланған.
14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайынан оны Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Ташкент хокимі Жахонгир Артыкходжаев қарсы алды.