Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының бес судьясы қызметінен босатылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлады.
Ғалия Аққуова, Әділ Құрықбаев, Амангелді Сәрсенбаев, Моряк Шегенов отставкаға кетті, Еліс Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалды.
ҚР Президентінің жарлығымен Еліс Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына Ғалия Аққуова, Әділ Құрықбаев, Амангелді Сәрсенбаев пен Моряк Шегенов отставкаға кетті, – деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.
Дауыс беруден кейін Сенат депутаттары судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.