ЭКСПО-2017 мұрасы Астанадағы дипломатиялық корпусқа ұсынылды

0
41

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі инфрақұрылымы базасындағы жаңа институттар жұмысының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ұсынылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы объектілерінің одан кейінгі дамуына, ең алдымен, «Астана» Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО), «Болашақ энергиясы» Халықаралық орталығын және IT-стартаптардың Халықаралық паркін іске қосуға ерекше көңіл бөліп келеді.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Орталық Азия, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Кавказ, Батыс Қытай, Монғолия және Шығыс Еуропа үшін қаржы хабы болуды көздейді.

«Болашақ энергиясы» атты «жасыл» технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталық жаңғырылатын энергия көздері, экологиялық таза технологиялар және тұрақты даму секілді салаларды дамытуда қажетті, тұрақты негізді қалыптастыруда қолдау көрсету, сондай-ақ «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы «жасыл экономикаға» көшудің практикалық іске асырылуына жәрдемдеседі.

IT-стартаптарды дамыту паркін құру әлемдік сауданың, қызметтердің және деректермен алмасудың маңызды қозғаушы күші болған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың маңызды қадамы болып табылады.

Презентацияда Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз