27- ші сәуір күні ел президенттігіне үміткерлердің бірі “Ұлт тағдыры” республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Әміржан Қосанов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.
“Заңға бағынған азамат ретінде өз құжаттарымызды дайындадық. Мемлекеттік қызметте 7 жыл еңбек өтілімім бар. Жүйке ауруларына және салыққа қатысты құжаттарымды ОСК тапсырдық. Алдағы дүйсенбі күні сағат 11:00 де мемлекеттік тілге қатысты сынақ тапсыруға келеміз. Сайлаудың әділ өтетіндігіне сенеміз, біздің бұл сайлауға қатысқанымыз өте дұрыс болды деп есептеймін. “Шешінген судан тайынбас” деген сөз бар. Көпшіліктен қолдаудың боларына сеніміміз мол”- деді Әміржан Қосанов.
Президенттікке үміткерлерді ұсыну 28- ші сәуір күні аяқталады.