Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік төрағасы Алик Шпекбаевқа генерал-лейтенант шенін берді. Бұл туралы 6 мамырда қазақстандық ресми ақпарат құралдары хабарлады.
7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасары Мүслім Алтынбаевқа (1996-99, 2001-2007 жылдары қорғаныс министрі болған Мұхтар Алтынбаевтың ұлы) да генерал-лейтенант шені берілді.
Қазақстан бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов пен оның орынбасары Марат Ахметжанов 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шенін алды.
ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожинге (бұрын салық комитетін басқарған) ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілді.