Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесті

0
31

ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен «Шелл» компаниясымен Қазақстанның мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру туралы мәселелер талқыланды.

«Шелл» нидерланды-британ энергетикалық концерні 1997 жылғы 18 қарашада қол қойылған, Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім (СК ӨБК) қатысушыларының бірі.

СК ӨБК бойынша келісімшарттық аумақта мына кен орындары орналасқан: Қашаған, Қаламқас–теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз