Тоқаев пен Дональд Туск қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етеді

0
191
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес президенті Дональд Туск

31 мамыр күні Нұр-Сұлтанға Еуропалық Кеңес президенті Дональд Туск алғаш рет ресми сапармен келді.

Әнұран.

Екі жақты кездесулерден кейін Дональд Туск пен ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен баспасөз брифингі өтті.

“Дональд Туск мырзаның сапары ел тарихындағы ерешке күнмен тұспа-келді. Бүгін біз Сталиннің саясаты миллиондаған адамның өмірін қиған қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тағдырдың тауқыметіне түскен азаматтардың арасында қазақтар ғана емес, отанымызға күштеп қоныс аударылған бір жарым миллион басқа ұлт өкілдері де бар. Осы орайда тоталитаризм құрбандарының “Алжир” мұражайына барып, тағзым етеміз. Бұл қазақ халқына және қуғын-сүргін құрбандарына зор құрмет”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде  Еуропалық Кеңес президенті Дональд Туск Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі екендігін айтты. Президент Тоқаевпен жасаған келіссөздері сәтті өткендігін мәлімдеді. Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен байланысты нығайтуға маңыз берілгендігін атап өтті.

Еуропалық Кеңестің президенті 30 мамыр күні Душанбеде Тәжікстан президенті Эмамоли Рахмонмен кездескен болатын.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз