Сирия президенті Башар Асад Ресей президенті Владимир Путинмен Сочиде өткен кездесуде «РФ әуе ғарыштық күштері операциясы Сириядағы саяси ахуалды реттеуді алға жылжытуда зор мүмкіндік берді», деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Сирия президенті Башар Асад «Сізбен араға екі жыл салып және Ресейдің операцияны сәтті өткізгенінен екі апта өткеннен кейін кездескеніме өте қуаныштымын… Бұл операциялардың Сириядағы саяси ахуалды шешуге мүскіндік бергенін мойындау қажет. Бұл процесске – Ресей әртүрлі бағыттарда, ең алдымен, БҰҰ Жарғысын құрметтеу негізінде оның алға жылжуына ықпал етті», деп мәлімдеді.
Сонымен қоса, Сирия басшысы «Осы кезеңде тікелей ұрыс алаңында да, саяси тұрғыда да үлкен табыстарға қол жеткізді. Бір кездері сирия халқы тастап кетуге мәжбүр болған, қазіргі таңда Сирияның террористерден босатылған көптеген аймақтарына сириялықтар қайта оралуға мүмкіндік алды», деп қоса кетті.
Кездесу соңында Сирия президенті Башар Асад В.Путинге ризашылығын білдірді.