ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
Бақытжан Сағынтаев осыған дейін төмендегі аталған қызметтерде қызмет жасады:
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
- 1985 жылдан – Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
- 1988 жылдан – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
- 1992 жылдан – коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 1998 жылдан – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
- 1999 жылдан – ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
- 2000 жылдан – «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
- 2001 жылдан – ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
- 2004 жылдан – ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
- 2007 жылдан – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
- 2008 жылдан бері – Павлодар облысының әкімі.
- 20 қаңтар — 24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
- 2012 Қыркүйек — 2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
- 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
- 2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
- 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
- 2016 жылдың 10 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
- 2019 жылдың 21 ақпанда Қазақстан Президенті Сағынтаева отставкаға кетуге үкімет жолдады
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
- 2019 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалады.[4]
- 2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып тағайындалады.