Рашид Аюпов Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімі болып Рашид Абатұллаұлы Аюпов тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Рашид Абатұллаұлы 1981 жылы 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туған, қазақ, білімі жоғары.
Шымкент университеті, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер.
“Болашақ” бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған, мемлекеттік басқару магистрі. Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында “Даулет” өндірістік кооперативінің инженер-операторы ретінде бастаған.