Қазақстандық боксшы Қанат Ислам екі жылдық үзілістен кейін кезекті нокаутын жалғастырып рингке қайта оралды.
Қанат Ислам 6 шілде күні Алматы қаласындағы “Балуан шолақ” спорт сарайында доминикандық Хулио де Хесуспен (27-2, 24 КО) жекпе-жек өткізді. Орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундтың оныншы секундында аяқталып Қанат Ислам жеңіске жетті.
Kanat Islam (26-0, 21 KO’s) returns to the ring after a 2yr lay-off and destroys Julio De Jesus (27-2) in under 10 seconds in Kazakhstan. #KanatIslam #IslamJesus #IslamDeJesus pic.twitter.com/xQWPBgruFX
— Tim – Boxeo Boksing Boks 拳闘 Boxen มวย бокс 拳击 (@Hock1717) July 5, 2019
Рефери нокауттан соң айқастың дереу аяқталғаны туралы белгі берді. Осылайша Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе — жек титулдық белбеу үшін болды. Қанат Ислам WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы бос орынды жеңіп алды.