ҚР СІМ басшысы Ұлыбританияға сапары кезінде іскер, саяси және академиялық топтармен кездесті

0
53

Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов Ұлыбританияға жасаған іс-сапары барысында іскер, саяси және академикалық топтармен кездесіп, Лондондағы «Чатам Хаус» Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2018 жылы қаңтардағы төрағалығының басымдықтарына арналды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

СІМ басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлемді құру, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін шақыру сияқты бастамаларына жан-жақты тоқталып өтті. Сонымен қатар, СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік, Африкадағы бейбітшілік пен тұрақтылық, халықаралық терроризмге қарсы тұру, Сириядағы дағдарысты реттеу, Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселелеріне және БҰҰ реформаларына ерекше назар аударатыны туралы атап өтті.

Лондонға сапары барысында Қ.Әбдірахманов британдық парламентінің депутаттарымен, Боб Стюарт төрағалық ететін Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық тобының мүшелерімен кездесті.

Қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысының Лондонға сапарының маңызды басымдылығы алдағы уақытта сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болды. Еуропа қайта құру және даму банкінің Президенті Сума Чакрабартимен кездесу барысында ағымдағы және перспективалық бірлескен жобалар талқыланды. ЕҚҚДБ басшысының айтуынша, Қазақстан Банктің үлгілі серіктесі болып табылады. ЕҚҚДБ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын және «Бір белбеу – бір жол» бастамасын іске асыруда сондай-ақ сыртқы нарықтарда ел маркетингін дамытуда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Сыртқы істер министрінің беделді кәсіпкерлер – Британ-Қазақ Қоғамы мүшелерімен кездесуінің күн тәртібінде іскерлік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының мұнай жобаларынан басқа салаларына инвестиция салуға қызығушылық танытқан «Independent Power Corporation» және «United Green»компанияларының басшыларымен жеке кездесулер барысында Қазақстан экономикасына инвестициялау және жаңа өндіріс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Сапар соңында Қ.Әбдірахманов Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алатын қазақстандық студенттер қауымдастығымен кездесті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз