Қ. Тоқаев елшілерді қабылдады

0
56
Сенат

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевичті оның өтініші бойынша қабылдады деп хабарлайды ҚР Сенаты баспасөз қызметі.

Сенат

Сенат Төрағасы Польша Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Парламент жоғарғы Палатасының басшысы парламентаралық үнқатысуға қарқын беру және екіжақты өзара іс-қимылды өрістету жайында айтты.

 «Парламент Сенаты екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге әзір», – деді Қ.Тоқаев.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылы Польшаға барған сапары нәтижелі болғанын, сапар барысында 845 миллион доллар болатын келісімдер мен инвестициялық жобаларға қол қойылғанын атап өте келіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясындағы Польшаның Ұлттық күндеріне қатысқаны үшін Президент А.Дуда бастаған Польша басшылығына алғыс білдірді. Дінаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері де талқыланды. С.Хазбиевич Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының басшысына Польшада 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Католиктер мен мұсылмандар кеңесімен өзара іс-қимыл мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қ.Тоқаев алдағы жылы қазанда Астанада өтетін кезекті Съезге дайындық аясындағы ынтымақтастыққа шақыра отырып,«Біз үнқатысудың кез-келген түрін жақтаймыз», – деді.

Сенат

Сол күні Қ.Тоқаев ілтипат білдіріп келген Француз Республикасының Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартинэні де қабылдады және оған ізгілікті істе табысты болуына тілектестігін білдірді. Ол биылғы қазан айында осы лауазымға тағайындалған болатын.

Сенат Төрағасының айтуынша, Қазақстан ірі және маңызды халықаралық форумдар өтетін орын ретінде дипломаттарға зор ықылас танытып отыр. Екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өткен Қ.Тоқаев француз парламентшілерін Астанаға сапарлап келуге шақырды:

«Байланыстар көп әрі жиі болған сайын біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық та нәтижелі бола түседі».

Сенат

Қ.Тоқаев БҰҰ ресми тілдерінің бірі ретіндегі маңызын атап өте келіп, Қазақстанда француз тілінің кеңінен қанат жаюына жәрдемдесу туралы ниетіне қолдау білдірді. Оның айтуынша, достық пен ынтымақтастықты нығайту Францияның мәдени құндылықтарын ілгерілетуге, гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге ықпал етер еді. Франция елшісі Қазақстан басшылығының осы көзқарасы үшін алғыс айтты және өз елінде қазақ студенттерінің үкімет пен жеке сектордан бөлінетін гранттар мен стипендияға оқу мүмкіндігін алатынын атап өтті. Ф.Мартинэ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға жәрдемдесетін Франция мен Орталық Азия арасында жаңа сипаттағы ынтымақтастық әзірленіп жатқаны туралы Сенат Төрағасын хабардар етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз