“Президенттің кадрлық резерві” қашан құрылады?

0
108
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова. Сурет: akorda.kz

16 шілде күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде  Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Анар Жайылғанова “Президенттің кадрлық резервін” құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз