ФК Астана чемпиондар лигасымен қоштасты

0
141

“Астана” футболшылары Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде румыниялық “ЧФР Клужбен” қарымта матч өткізді.

Кездесу румыниялық Клуж-Напока қаласында болған. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Есепті алғаш болып ойынның 4- ші минутында Астана шабуылшысы Роман Муртазаев ашты.

Алайда бірнеше минуттан соң ЧФР таразы басын теңестіріп тастады. Гол соққан – Билель Омрани. Ал бірінші таймның ортасында Омрани тағы бір гол соғып, өз командасын алға шығарды.

73-минутта Абзал Бейсебековтің аяғына тиген доп қараусыз қалған Омраниге жеткен – футболшы тағы мүлт кетпеді.

Осылайша, “ЧФР Клуж” екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал “Астана” енді Еуропа лигасында бақ сынайды. Команда екінші іріктеу кезеңінде андорралық “Санта-Колома” командасымен кездеседі. Бірінші матч 25 шілдеде Андоррада, қарымта ойын 1 тамызда елордада өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз