Туриннің “Ювентусы” ресми сайтында голландиялық “Аякстан” қорғаушы Маттейс де Лигттің келгенін мәлімдеді.
19 жастағы ойыншы 2024 жылдың 30 маусымына дейін бес жылдық келісімшартқа отырды.
Баспасөзде тараған ақпаратқа сәйкес, “Ювентуске” ауысқан голландиялық ойыншы Италия чемпионатындағы ең жалақысы жоғары қорғаушы болып отыр: оның айлығы 12 миллион евро.
Голландия құрамасы қорғаушысының трансфері үшін “Ювентус” 75 миллион евро төлейді.
Де Лигт 2018/2019 жылғы маусымда “Аякстың” капитаны болған. Сол маусымда “Аякс” Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті. Де Лигт 17 матч өткізіп, үш доп соққан.
Ал Голландия құрамасында қорғаушы 15 ойынға қатысып, бір доп соқты.
💡 LIGTS 🔛 | Matthijs de Ligt officially signs for Juventus! ✍️⚪⚫
https://t.co/dWhtEdSULz #TURNDELIGTON #LiveAhead pic.twitter.com/1xrVIFqSBy
— JuventusFC (@juventusfcen) July 18, 2019