Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

0
176
ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов. Сурет: inform.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Сүлейменовті ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

“Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын”, – делінген құжатта.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалып, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз