20 тамыз күні ҚР бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын”, – делінген Ақорданың хабарламасында.