Әділ Ахметов театр қызметкерлерінің түйіткілді мәселелерін айтты

0
266

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Кульгинов  Президент жолдауын баяндады.

3 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдамасы баяндалды.

Жиында қала әкімі Алтай Кульгинов сөз алып, мемлекет  басшысының  Қазақстан халқына жолдауына қатысты бірқатар ойымен бөлісті. Сондай-ақ әкім мемлекет басшысы өз жолдауында мәдениет қызметкерлеріне баса мән берілетінін атап өткенін алға тартты. Осы орайда”Жастар”театрының актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов сөз алды.

“Президент жолдауында мәдениет қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінетін болады деген сөзі мені және әріптестерімді қатты қуантты”,-деген ол соңғы жылдары театр қызметкерлерінің еңбекақысы өспегенін  айтты. Актердің сөзінше, осы себепті  театр қызметкерлерінің  басым көбі қолжетімді тұрғын үй бағдарламасынан тыс қалған. “Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін тапса, құба-құп болар еді”- деді Ахметов. Бұдан өзге келер  жылы аталып өтетін ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралардың жоғарғы деңгейде өтуіне өнер адамдарының бар күш-жігерлерін салатындарын да айтты.

Бейбарыс Жумабай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз