Михал Билек командасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының кезекті ойынын сырт алаңда өткізді. Кипр құрамасымен тең ойнады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан құрамасы есепті жылдам ашқан еді. Ойынның небәрі екінші минутында Алексей Щеткин гол соқты. Алайда, қазақстандық ойыншылар басымдықты сақтап қала алмады. Кипр футболлшылары бірінші таймның соңына қарай таразы басын теңестірді. Гол авторы – Пиорос Сотириу.
Екінші таймда таблодағы есеп өзгермеді – 1:1. Қазақстан құрамасы бір ұпайды еншіледі.