Қызылордада «аналар аллеясы» ашылды

0
131

Мемлекет Басшысының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қызылордада “Аналар аллеясы” ашылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Бегім ана көшесіндегі “Ана бақыты” ескерткіші жанынан бастау алатын аллеяның ашылуымен қала тұрғындарына құттықтау тілегін білдіріп,

“Ұлтымыздың арғы-бергі шежіресінде еріне адал жар, баласына ардақты ана болуымен ұрпаққа өнеге, отбасына ұйытқы, ұлтқа ұран болған Аналарымыз баршылық. Тарихтың қай парағын ақтарсаң да қаны асыл, жаны текті апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана апа-Аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында. Бұл жер анасы мен баласының, отбасылардың демалып, тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізетін, Елбасының айтуынша, «Алаштың анасы – Сыр өңіріндегі» бірден-бір сүйікті орнына айналуына тілектеспін”,

– деді.

Аллея құрылысына «Абзал и К» компаниясы 44 млн. теңге бөлді.

Биіктігі 5,5 метр болатын «Ана бақыты» ескерткішінің авторы мүсінші Ағабек Назаров.

Қызылорда облысында қазіргі таңда 34700 көп балалы ана бар. Оның 17742 “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз