15 қыркүйекте “Барыс арена” спорт кешенінде өткен финалда 27 жастағы Жақанша грузиялық Нугзари Цурцумиядан жеңілді.
Жақанша 14 қыркүйекте өткен алғашқы айналымда Абделкарим Фергаттан (Алжир), Макс Новриден (АҚШ) ұтса, ал жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы Елдениз Азизлиді (Әзербайжан) жеңген еді.
Бұл Қорлан өзі қатысып отырған алғашқы әлем чемпионатынан күміс олжалап отыр. Сондай-ақ, бұл Қазақстан командасының биылғы әлем біріншілігіндегі алғашқы медалі.