16 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы “Барыс арена” сарайында грек-рим күресінен өткен ширек финалда қазақстандық балуан Асхат Ділмұхамедов сербиялық В.Немешті жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
81 кг күрескен екі балуан 3:3 тең келгенімен белдесудің соңында Сербиялық В. Немеш төрешілерден ескерту қағазын алып, есеп 4:3 есебімен Асхат Ділмұхамедовтың пайдасына шешілді.