Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қайтыс болуына байланысты елдің қазіргі президенті Эмануель Макрон мен бүкіл француз халқына көңіл айтты.
Францияның экс-президенті Жак Ширактың қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосқан көрнекті саясаткер. Президент Эммануэль Макронға және бүкіл француз халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 26, 2019
Еске сала кетейік, Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак 26 қыркүйекте 87 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол Францияның 22-президенті.