Арман Оспанов Алексей Полпудниковтан жеңілді

0
121

Жекпе-жек 27 қыркүйекте Мәскеу қаласындағы  “ВТБ Аренасында” Absolute Championship Akhmat 99 турнирі аясында өтті.

Екінші раундта Полпудников қазақстандық спортшыны есеңгіретіп, кездесудің нүктесін қоюға асықты. Осы кезде рефери Херб Дин жекпе-жекті тоқтатты.

ММА-да тоғыз рет жеңіске жеткен 29 жастағы Арман Оспанов осымен үшінші рет жеңілді, ал оның 27 жастағы қарсыласы 28-ші жеңісіне қол жеткізіп, екі рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

Арман Оспанов пен Алексей Полпудников бірінші рет 2013 жылы тамызда октагонда кездесіп, қазақстандық файтер бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. 2017 жылы желтоқсанда реванш өтті – онда даулы шешіммен ресейлік жеңіске жеткен еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз