Қазақстан мен Әзербайжан визасыз қатынас мерзімі ұзарды

0
132
Photo: Kazakh TV

Қазақстан мен Әзербайжан өз азаматтарының екі ел аумағында визасыз болу режимін 30 күннен 90 күнге дейінгі мерзімге ұзарту туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа Бакуде 14 қазанда Түркітілдес елдер ынтымақтастығы саммиті аясында өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуі кезінде қол қойылған.

Келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Әзербайжан аумағында тіркелмей 30 күнге дейін, ал бұл уақыт аяқталған соң жергілікті билік органында жүріп-тұру мерзімін ұзартып, 90 күнге дейін визасыз бола алады. Қазақстанға келетін Әзербайжан азаматтарына да тура осындай визасыз режим тәртібі енгізіледі.

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияны біріктіретін Түркітілдес елдері ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы қазанда құрылған. Биыл қыркүйекте Өзбекстан ұйымға мүше болуға өтініш берген.

2018 жылы Қырғызстанда өткен саммит кезінде Венгрия Түркітілдес елдері ынтымақтастық кеңесі ұйымына бақылаушы ретінде қабылданған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз