Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Республикасының президенті Мун Чже Инге анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок 93 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Осыған орай жазған хатында Қазақстан президенті бұл хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жазған.
“Ардақты анаңыз Каң Хан Ок ханымның дүниеден озғаны туралы суыт хабарға орай, Сізге және жақындарыңызға көңіл айтып, орны толмас қайғыңызға ортақтасамын. Каң Хан Ок ханымның жарқын бейнесі мен ізгілікті істері туған-туыстарының, сондай-ақ көптеген отандастарының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін”, – делінген жеделхатта.