7 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеседі.
Екі ел президенті “Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері” атты 6-шы өңіраралық форумға қатысады.
Жиында ел басшылары кейбір құжаттарға қол қойып, жоғары технологияға арналған көрмені аралайды деген жоспар бар.
Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 7 500 шақырымнан асады. Ол әлемдегі ең ұзын шекаралардың бірі.
Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Олардың 30-ы автокөлік, 20-сы теміржол және тағы біреуі өзен арқылы. Бұл жерден күніне орта есеппен 1000-ға жуық адам өтеді.