Тоқаев: Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1 млрд доллардан астам қаржы салды

0
540
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков. Photo: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысында көршілес елдің экономикасына 1 млрд доллардан астам қаржы салғанын айтты.

“Қазақ-қырғыз қатынастарының маңызды басымдығы ретінде ортақ шекараның болуын атап өткен жөн. Осының арқасында, Қазақстан Қырғызстанның алдыңғы қатарлы сауда серіктестерінің біріне айналды. Біздің тауар айналым үшінші жыл қатарынан тұрақты өсімді байқатып отыр. 2015 жылдан 2018 жыл аралығында өзара сауда көлемі 30 пайызға өсіп, 900 млн долларды көрсеткен. Қазақстан ең ірі инвесторлардың бірі болып отыр, яғни қырғыз экономикасына 1 млрд доллардан астам қаржы салды”, – деді президент.

Президент Тоқаевтың айтуынша, Қырғызстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 2 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеп жатса, Қазақстанда қырғыз кәсіпкерлерінің қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын бар.

Олардың қатарында тау-кен, қайта өңдеу, құрылыс, сауда, банк секторында, телекоммуникация салалары бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз