UEFA вице-президенті Мишель Ува коронавирустың таралуына байланысты 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуден бас тарту немесе кейінге қалдыруға қатысты пікірін айтты.
“Жағдайды бақылап отырмыз. Футбол елдегі ахуалға байланысты реттелуі тиіс. Біз турнирді тоқтатпауға тырысамыз. Жағдай ушығатын болса, жарыс тоқтатылады”, – деді Мишель Ува.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізіледі.
Турнирге 24 құрама қатысады. Жарыс 12 маусымда басталып, 12 шілдеде Англияның “Уэмбли” стадионында мәресіне жетеді.