Германиялық “Боруссия” командасының футболшылары коронавирусқа байланысты басшылығымен кездесіп жалақыларының 20 пайызынан бас тартты. Бұл туралы Bild агенттігіне сілтеме жасап vesti.kz хабарлады.
Бұл бастама Бундеслиганың кейбір матчтары өтпеген күннің өзінде клубтың 850 қызметкерінің жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді.
“Боруссия” клубы Бундеслигадағы 25 матчтан кейін 51 ұпаймен “Бавариядан” соң екінші орында тұр.
Короновирус індеті 2019 желтоқсан айының аяғында Қытайдың 12 миллион халқы бар Ухань қаласында басталған.
11 наурызда ДДСҰ коронавирусты эпидемия деп жариялады.
Соңғы ақпар бойынша әлемде коронавирус 349 мың адамға жұққан, 15 мыңға жуық адам қайтыс болған.