20 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Қазақстан президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өткен.
Олар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын талқылаған.