Назарбаев “вирустан қалай емделгені” және “туған күніне келген құттықтаулар” туралы айтты

0
119
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Photo: elbasy.kz / video grab

6 шілде күні Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жасаған үндеуінде коронавирусты қалай жеңгенін, туған күнімен кімдердің құттықтағанын айтты. 

“Қадірменді халайық, барлығымыз қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Бүкіл дүниемен бірге көріп жатқан нәрсе бұл. Ол қиыншылықты өз басымнан өткіздім. Осы кезде жанашырлық білдірген барлық жерлесіме, отандастарыма шын көңілмен тағы да зор ризашылығымды айтқым келеді”, – деді ол.

Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны 18 маусым күні хабарланды. Екі апта өткен соң, 2 шілде күні баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұрынғы президенттің ПТР анализі теріс нәтиже көрсеткенін хабарлады.

“Менің туған күніме байланысты бүкіл дүниежүзінен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен құттықтаулар мен ізгі тілектерді алып, күнде оқып жатырмын. Дүниежүзінің менімен бірге істеген елбасылары, қайраткерлері, саясаткерлер баршаңызға рахметімді айтып, шын көңілден зор табыс тілеймін”, – деді Назарбаев. 

80-ге келген экс-президенттің туған күні елде “Астана күнімен” тұспа-тұс. Былтыр Назарбаев президенттіктен кеткенде Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгерген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз