Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге сыйлық қабылдауға тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт қол қойды.
Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес (“пара беру”) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға құны 2 айлық есептік көрсеткіштен немесе 5 556 теңгеден асатын тарту жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 676-678 бабтарына (“жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі”), (“заңды тұлғалардың материалдық сыйақы беруі”) сәйкес, жеке немесе заңды тұлғалардың аталған тұлғаларға заңсыз сыйлық беру әкімшілік сыбайлас жемқорлық әрекет болады.
2 айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК – 2778 теңге) дейінгі сыйлық әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, құны 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сыйлық қылмыстық жауапкершілікке жатады.