Қазақстанда адамның COVID-19 жұқтырғанын, немесе жұқтырған адаммен байланыста болғанын хабарлайтын “SAQBOL” қосымшасы әзірленді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қосымшаны бар болғаны ұялы телефоныңызға жүктеп, Bluetooth функциясын қосу арқылы іске қосасыз. “SAQBOL” әлеуметтік тұрғыдан адамдар үшін қауіпсіз. Себебі, ол адамдар туралы ақпарат жинамайды, тұрған жері туралы мәлімет жібермейді. Бар болғаны bluetooth функциясы арқылы басқа телефондағы осы қосымшамен COVID-19 жөнінде ақпарат іздеп, жасырын түрде ескерту жіберіледі.
“Бұл қосымша азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және індет жұқтырған адамдармен байланыста болғаны туралы уақытылы хабардар етуге көмектеседі,” – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
“SAQBOL” қосымшасын барынша көп адам жүктегені тиімді. Себебі, бұл инфекциямен күресуге және өзіңізді індеттен сақтауға көмектеседі. Қосымша телефоныңыздағы алар орны бар жоғы 17 мв.
Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін қосымшаға COVID-19 өз бетінше диагностика жасайтын ресми бот, i-Doctor, i-Teka ресми, сондай-ақ Қазақстан бойынша COVID-19 қатысты негізгі статистика сияқты қызметтер біріктірілген.