Атырау облысында өткен тәулікте 133 адамда коронавирус инфекциясы ПТР тесті арқылы расталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бүгінге дейінгі ақпарат бойынша адам саны 100-ден аспағанымен, ендігі басқа облыстардан вирус жұқтырған адам саны бойынша алда тұр.
28 желтоқсандағы мәлімет бойынша 22 480 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 12 122 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 5058 адам стационарда, ал 17 422 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 245 адамның жағдайы ауыр, 48 адамның жағдайы өте ауыр және 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазақстанда өткен тәулікте 733 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 821 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 10 адам қайтыс болды.
Коронавирус жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 57
Алматы қаласы – 83
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 54
Ақтөбе облысы – 4
Алматы облысы – 57
Атырау облысы – 133
Шығыс Қазақстан облысы – 49
Жамбыл облысы – 17
Батыс Қазақстан облысы – 39
Қарағанды облысы – 39
Қостанай облысы – 62
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 65
Солтүстік Қазақстан облысы – 57
Түркістан облысы – 10
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 152460.
Коронавирустан жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 42
Алматы қаласы – 16
Ақмола облысы – 71
Алматы облысы – 40
Атырау облысы – 25
Шығыс Қазақстан облысы – 402
Батыс Қазақстан облысы – 3
Қарағанды облысы – 33
Қостанай облысы – 11
Қызылорда облысы – 3
Павлодар облысы – 66
Солтүстік Қазақстан облысы – 106
Түркістан облысы – 3
Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 139843.