15 қаңтар күні Парламенттің төменгі палатасы мәжілістің жаңадан сайланған депутаттары ант берді.
Оқи отырыңыз: Тоқаев партиялардың парламентке өту шегін бес пайызға дейін төмендетті
“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін”, – деді депутаттар.
Олардың арасында 2-3 сөйлемнен тұратын ант мәтінін ежелеп екі рет оқығандары да, жатқа айтқандары да болды.
Атап өтейік, таңертең парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өтіп, президент Тоқаев ашылуында сөз сөйледі.
Бірлескен отырыс біткен соң мәжілістің жаңа құрамымен жалпы отырысы басталды.
Жалпы отырыстың күн тәртібінде депутаттардың ант беруі мен төраға сайлауы тұр.