Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуында “Самалтау” әнін орындады. Димаштың ән шырқау сәті өзінің Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.
Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара 17 қаңтардан 18 қаңтарға қараған уақытта онлайн өтті.
Бұл тек Димаш үшін емес, жалпы Қазақстан үшін де алғаш рет болды. Мұндай іс-шараға бұрын-соңды ешбір қазақстандық қатыспаған. Димаш салтанатты шараны өткізген Sister Cities International (SCI) ұйымының өкілдеріне шақырғаны үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, SCI ресми сайтының хабарлауынша 20 қаңтар күні өтетін инаугурацияға Димаш арнайы қатысатыны жарияланды.