18 қаңтарда Қазақстанда 999 адамнан коронавирус табылды. 18 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 7 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 19 қаңтар таңертең хабарлады.
Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар (150) мен Нұр-Сұлтанда (124) тіркелген. Ақмола облысында – 109, Алматы облысында – 93, Алматы қаласында – 79, Атырау облысында – 78, Қостанай облысында- 71 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жетпіске жетпейді.
Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 170 098 адамға жеткен.
Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 46 866 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 542 адам қайтыс болған. 34 656 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 24 894 адам ( оның ішінде 11668 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 312 адамның жағдайы ауыр, 61 науқастың жағдайы өте ауыр. 49 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.