18 ақпанда Қазақстанда 901 адамнан коронавирус табылды. 60 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 9 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 19 ақпан таңертең хабарлады.
Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар облысы (103) және Нұр-Сұлтан(136), Алматы(103) қалаларында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.
Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 205 825 адамға жеткен.
Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 48 887 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 605 адам қайтыс болған. 40 101 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 21 573 адам ( оның ішінде 8181 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 255 адамның жағдайы ауыр, 43 науқастың жағдайы өте ауыр. 41 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.