1 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен елдегі эпидемиологиялық ахуал кеңесінде президент денсаулық сақтау министрі мен үкіметке ескерту жасады.
“Алексей Владимирович қазіргі жағдайда денсаулық сақтау министрінің үкіметтегі ең маңызды адам екенін сізге бұрын да айтқанмын. Сіздің құзіретіңіз үлкен. Жұмысты жақсы бастадыңыз. Бірақ кейін жұмыс қарқыны саябырси бастады. Сәуір айында жағдайды реттеуіңіз керек. Әйтпесе сізге ұнамайтын кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес жаппай үкіметке қатысты мәселе”, – деді Тоқаев.