Өткен тәулікте 2229 адам коронавирус жұқтырып, 31 адам қайтыс болды

0
122

13 сәуірде Қазақстанда 2229 адамнан коронавирус табылды. 130 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 26 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 14 сәуір күні хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (465) және Алматы (612) қалаларында тіркелген. Одан кейін Алматы (226), Қарағанды (197), Батыс Қазақстан (115) және Ақтөбе(100) облыстары тұр. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 276 054 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 8 айға жуық уақыт ішінде 51539 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 736 адам қайтыс болған. 50304 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 35 821 адам (оның ішінде 499 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 579 адамның жағдайы ауыр, 162 науқастың жағдайы өте ауыр. 117 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз