“Қызыл аймақтағы” өңірлер саны артты

0
198

28 сәуір таңертеңгі ақпаратта “қызыл аймаққа” Шымкент қаласы кірді. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады

Одан бөлек Нұр-Cұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта”.

Қазақстанда өткен тәулікте 2682 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан (439) және Алматы (698) қалаларында тіркелді. Ал қалған “қызыл аймақтағы” өңірлерде:

  • Шымкент қаласы – 90
  • Ақмола облысы – 139
  • Ақтөбе облысы – 83
  • Атырау облысы – 98
  • Батыс Қазақстан облысы – 173
  • Қарағанды облысы – 256
  • Қызылорда облысы – 57
  • Маңғыстау облысы – 55
  • Павлодар облысы – 103

Бұдан бөлек 2499 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ал коронавирустан 22 адам қайтыс болды.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 314 082 адамға жеткен.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз