Өткен тәулікте 2443 адам коронавирус жұқтырып, 43 адам қайтыс болды

0
245

5 мамырда Қазақстанда 2443 адамнан коронавирус табылды. 177 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 37 адам – коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 6 мамыр күні хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (398) және Алматы (651) қалаларында тіркелген. Одан кейін Алматы (200), Қарағанды (245), Батыс Қазақстан(151), Павлодар(123) және Ақмола(101) облыстары тұр. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 334 812 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 8 айға жуық уақыт ішінде 53299 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 823 адам қайтыс болған. 52015 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 43 253 адам (оның ішінде 461 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 780 адамның жағдайы ауыр, 195 науқастың жағдайы өте ауыр. 121 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз