Тоқаевтың төрағалығымен ЕЭК отырысы өтеді

0
129
Photo: Facebook / Berik Uali

21 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Faceebook парақшасында хабарлады. 

Жиынға еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Белоруссия президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысады

Сонымен қатар ЕЭК кезекті отырысына Куба президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кеңес жанындағы бақылаушы мемлекет басшылары ретінде қатысады деп жоспарланған.

Онлайн өтетін Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланып, ортамерзімді перспективадағы міндеттер қарастырылатыны айтылады.

Уәли таратқан хабарламада дағдарыстан кейінгі кезеңдегі интеграциялық ықпалдастыққа және одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді реттеуге баса мән берілетіні жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз