10 маусым таңертеңгі ақпаратта 2 371 178 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 1 264 247 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 9 маусым күні 1144 адам вирус жұқтырып, 13 адам қайтыс болды. 1543 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 71 адам жұқтырып, 2 адам қайтыс болды. Пневмониядан 22 науқас емделіп шықты.
Қазіргі таңда 22 456 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 7 576 пациент стационарда, 14 880 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 516 адамның жағдайы ауыр, 113 адамның жағдайы өте ауыр және 78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.