Мемлекеттік шекарада бақылау күшейеді

0
214
Медицина қызметкері жолаушының қызуын тексеріп тұр. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтеді. Сейсенбі күнгі үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин осындай бұйрық берді.  

“Қазақстандағы жағдай тұрақты болғанымен көршілердегі жағдай ушығып барады. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтіп, эпидемиологиялық ережені қатаң сақтауды және вакцинация алу жиілігін қамтамасыз ету керек”, – деді премьер-министр. 

Асқар Мамин астанада тез таралатын “үндістандық штамның” тіркелгенін еске салды. Осыған орай ол 22 маусым күні Нұр-Сұлтанда карантин шараларын күшейту үшін ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз