Қазақстан мен Қытай CІМ шекара, әуе қатынасы және виза мәселесін талқылады

0
260
Қазақстандық делегация. Photo: mfa.gov.kz

Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөнінде кіші комитеттің отырысы өтті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиында қазақстандық делегацияны Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, қытайлық делегацияны Қытай сістер министрінің орынбасары Лэ Юйчен басқарды.

Онлайн басқосуда COVID-19 індетімен күресу шеңберіндегі өзара іс-қимыл, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай екі ел шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысын, әуе қатынасын қайта бастау мен өзара виза беру мүмкіншілігі талқылады.

Тараптар екіжақты, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК және ШЫҰ халықаралық және өңірлік құрылымдары шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласқан.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің отырысында киберқауіпсіздік, “үш зұлымдықпен” (терроризм, сепаратизм және экстремизм) күрес, трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті мемлекеттік органдардың практикалық өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ қорғаныс ведомстволарының кадрлар даярлау және бірлескен әскери оқу-жаттығулар саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі мәселелер талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз