Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Сербия, Дания, Аргентина және Чилидегі елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ғабит Сыздықбеков Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Мәди Атамқұлов тағайындалды. Ол Қазақстан президенті протоколының бастығы лауазымынан босатылды.
Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сергей Нұртаев Қазақстанның Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Қазақстанның Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Нүсіпов Аргентина және Чилидегі төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.