Өткен тәулікте Қазақстанда 2711 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестпен расталған. Нұр-Сұлтан (799) және Алматы (299) қалаларында науқастар саны арта түскен. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу туралы ВАК хабарлады.
Қазақстан бойынша бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтан қаласында – 799
Алматы қаласында – 299
Шымкент қаласында – 127
Ақмола облысында – 126
Ақтөбе облысында – 63
Алматы облысында – 49
Атырау облысында – 157
Шығыс Қазақстан облысында – 70
Жамбыл облысында – 35
Батыс Қазақстан облысында – 189
Қарағанды облысында – 395
Қостанай облысында – 53
Қызылорда облысында – 43
Маңғыстау облысында – 104
Павлодар облысында – 118
Солтүстік Қазақстан облысында – 42
Түркістан облысында – 42.
Елде жалпы 34 189 адам коронавирус инфекциясынан (32 876 КВИ+ және 1 313 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 10 708 пациент стационарда, 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 710 науқастың жағдайы ауыр. 143 пациенттің жағдайы өте ауыр. 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.